Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru

  Новости

Кеше Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облыстық ...
26 февраля 2020
Кеше Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру бағытында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары, колледж және мектеп директорлары, облыстық білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, есепшілері және кәсіподақ белсенділері бас қосқан алқалы жиын өткізді.
Шараға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева мен құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова және облыстық білім саласы кәсіподағының Атқару Комитетінің мүшелері Софья Измуханбетова, қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова қатысты.
Жиынды Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.Даупаев ашып берген соң, Салалық кәсіподақ төрайымы Айгүл Мұқашева «Педагог мәртебесі туралы» заң нормалары мен талаптарын, ұстаздардың құқықтары мен әлеуметтік жеңілдіктеріне тоқталып, нақты түсіндіріп өтті.
Батыс Қазақстан облысының барлық білім саласының басшылары мен қызметкерлері жұмыс бабында кездескен сұрақтарына жауаптарын алып, өз ризашылықтарын білдірді.
Жиын соңында, облыстың білім беру саласындағы кәсіподақ қозғалысы мен кәсіподақтың дамуына зор үлес қосқан әлеуметтік әріптестер, белсенді кәсіподақ төрағалары және кәсіподақ мүшелері марапатталды.
Салалық кәсіподақ өкілдері бұл күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. Егізбаевтың қабылдауында болды. Онда "Педагог мәртебесі туралы" заңның аясында өңір педагогтарының алдында тұрған әлеуметтік бағыттағы мәселелер көтерілді. Бұдан кейін облыстың "Ақжайық" арнасында қонақта болып, "Ел алдында" хабарында сұхбат берді. Тікелей эфирде де аймақтағы әріптестерді толғандырып жүрген бірқатар сауалдарға жауап қайтарылды. Бүгін Білім кәсіподағының өкілдері Жаңақала және Ақ жайық аудандарының педагогтарымен кездеседі.

Батыс Қазақстан облыстық білім және
ғылым қызметкерлері кәсіподағы








Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки