Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Халықаралық тәжірибе алмасу
13 февраля 2018

2018 жылдың 9-11 ақпан аралығында Ресей Федерациясы Новосібір қаласында дәстүрлі II педагогикалық «Кәсіподақ тәжірибе алмасуы» шарасы өтті. 60-тан астам жас мамандар, мұғалімдер, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, жоғары оқу орындардың оқытушылары қатысты. Педагогикалық шеберлік шарасына бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 12 төрағасы, облыс аймағының жастар кеңесінің 24 мүшесі, аудандық кеңестің 8 жетекшісі белсене қатысты.

Қатысушылар алдында Новосібір облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Светлана Сутягина және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымының бас маманы, облыстық жастар кеңесінің төрағасы Ернар Иманбаев алғы сөз сөйледі.

Екі кәсіподақтың өкілдері әрбір елдің білім беру жүйесі, жетістіктері мен  түйіткілдері, олардың шешу жолдарын талқылады. «Новосібір облысының педагогикалық шеберлігінің қауымдастығы» вице-президенті Марина Чёшева модератор болып, қатысушылардың көңілінен шықты.  

Жас мамандармен Искитим ауданының география мұғалімі, «Жыл ұстазы 2017» облыстық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпазы Светлана Королькова өз тәжірибесімен бөлісті және жас мамандармен «Қорқыныш сезіміне бой алдырмау» тақырыбында қызықты тренингті «Перспектива» орта білім беру мектебінің психологы Алексей Ермошин өткізді.

Павлодар облысы Ақсу қаласының №8 орта білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Тлеужан Құмар – «Ынтымақтастық – табыс кілті» тақырыбында тимбилдинг өткіздіПавлодар қаласының №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Виталий Кожокар - «Қазақстандағы қоғамдық бірлестіктің негізінде балалардың жергілікті қауымдастық шеңберін ұйымдастыру және қолдау» тақырыбында баяндамасымен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылармен сұхбаттасуға Новосібір облысының білім беру және инновациялық саясат министрінің міндетін атқарушы Сергей Федорчукпен кездесу өтті. Кездесу ашық және еркін сұхбат режимінде өтті. Жас педагогтар түрлі сауалдарын қоя отырып, облыстың білім беру ұйымдарындағы проблемаларын талқылап, олардың шешу жолдарын, педагог мәртебесін арттыру тақырыбын жиі қозғады.

Новосібір облыстық кәсіподақ ұйымы төрайымының орынбасары Татьяна Карпатовская  аймақтық салалық келісім туралы оқу бизнес-ойын өткізді, бизнес – ойында көптеген тақырыптар қаралды, мәселен, ұжымдық шарт, салалық келісім, еңбек шартының мазмұны, жасалу тәсілі, ынталандыру және өтемақы төлемдері, зиянды еңбек жағдайында жұмыс жасау кепілдігі туралы мәселелері қаралды.

Қызықтырған келесі жайтты атап өтуге болады. Ауылдық жерлердегі кез-келген педагогтар үшін заңмен белгіленген лауазымдық жалақысына қосылатын 25%-дан басқа салалық келісім аясында 35 жасқа дейінгі жас мамандар үшін облыстық бюджеттен қосымша 25% қосымша ақы төленеді. Сонымен қатар, коммуналдық төлемдер (отын, жарық, су және т.б.) толық көлемде өтеледі. Осы тәжірибені Қазақстанның білім беру заңнамасына енгізсе, ұстаздықтың мәртебесі артылып, сала жұмысына ер азаматтар да тартылар еді.

Кешкі астан соң қатысушылар арасында шығармашылық, юморлық және музыкалық кештер ұйымдастырылды. Шараның соңғы күні қатысушыларға сертификат табысталды. Өз атымнан кәсіподақ органдарына мың алғысымды білдіремін. Алған тәжірибемен өз елімдегі жастармен бөлісемін.

Тлеужан Құмар, Павлодар облысы Ақсу қаласының 
№8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, Жастар кеңесінің мүшесі











Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки