Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Кәсіподақтағы келелі келісімдер
14 февраля 2018

Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің  төрайым орынбасары  Ескалиева Гүлнар мен №212 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Омарова Гүлзира  «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының  « Жаңа күн» тікелей эфирінде сұхбат берді.

Гүлнар Бабабекқызы сұхбат барысында  « Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңының  және Еңбек кодексінің жаңадан қабылдануына байланысты  Салалық комиссияның шешімімен  «Еңбек қорғау жөніндегі техникалық  инспектор туралы», «Өндірістік кеңес туралы», «Жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиясы туралы»  ережелері бекітілген болатын  және соның  негізінде  нақты жұмыстар  жүргізудеміз»- деп баяндады.

Сонымен қатар, Елбасының Жолдауын насихаттау барысында білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбында  Үгіт-насихат бригадалары облыстық байқауының өтетіндігін жеткізді.

Тікелей эфир барысында Г.Ескалиева  кәсіподақтың жалпы  атқарып жатқан жұмысына да тоқтала өтті. Еңбек қатынасы бар жерде  жұмыс беруші мен жұмыскер арасында көптеген мәселелер туындап жатады, атап айтар болсақ сағат бөлінісі, іссапар шығындарының, еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін  атқарғаны үшін  еңбектеріне ақы  төленбеу жағдайларында  кәсіподақтың араласуымен мәселе оң шешімін тауып жатады. Осыған сәйкес білім беру ұйымдарының басшыларына, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына  құқықтық сауаттандыру мақсатында  семинар-тренингтер өткізілетінін  және мәдени-спорттық, ұйымдастыру жұмыстары  бойынша  дәстүрлі наурыз шапағаты, КВН, спартакиадалар да өткізілетінін атап өтті.

№212 мектеп-лицейінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Омарова Гүлзира жұмыс беруші арасында 2016-2018 жылдарға жасаған ұжымдық шарт ережелерінің негізгі жерлеріне тоқталды:

-оқу жылының ішінде  зейнеткерлік жасқа толған мұғалімдерге оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді.

-педагог қызметкерге толық жүктеме, яғни он сегіз сағат берілуіне ықпал жасалып,қызметкерлердің сағаты толық болмайынша сырттан мұғалім алмау бағытында жұмыстар жасалды.

-лауазымдық міндеттерін адал атқарғаны, бастамашылдығы, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мадақтаудың мына түрлері қолданылды:алғыс жариялау; ақшалай сыйақы;  бағалы сыйлық; құрмет грамотасымен мадақтау; қызметте жоғарылату; еңбек кітапшасына енгізілетінін атап өтті.

Құқықтық қызмет жөніндегі бас маман Утегенова Н.С.




Последние новости

22 февраля 2018
Круглый стол на тему: «Работники в поиске социальной справедливости», посвящённый Всемирному дню социальной справедливости в Восточном Казахстане

22 февраля 2018
Благодарность Председателя Профсоюза работников народного образования и науки Российской Федерации (ОБЩЕРОССИЙСКИЙ ПРОФСОЮЗ ОБРАЗОВАНИЯ) Новосибирской областной общественной организации

22 февраля 2018
Отстаивая права членов профсоюза

22 февраля 2018
Өзекті мәселелерге ұйытқы болған кездесу

22 февраля 2018
Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті

22 февраля 2018
Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясы

22 февраля 2018
Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс ХХVІІІ конференциясы өтті

22 февраля 2018
Всемирный день социальной справедливости

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки