Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Кәсіподақ ұйымының ұйымдаструымен «Қыз – ұлт болашағы!» тақырыбында қыз сыны байқауы өткізілді
12 марта 2018

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының № 7 «Айналайын» бөбекжайында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қыздарымыздың бойына сіңіріп, қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі екеніне көңіл бөлу мақсатында «Қыз – ұлт болашағы!» тақырыбында қыз сыны байқауы өткізілді.

Сайысты бөбекжай директоры Ж.Ж.Юнусова құттықтау сөзімен бастап, нәзік жанды әріптестерге лебізін білдірді. Сонымен қатар, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының "Мектептен тыс жұмыс орталығының" бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұмағазиев Рустам Габбасұлықатысып, әріптестерге жылы құттықтауын өлең жолдары арқылы арнап, «Әйел - ана» атты әнінен шашу шашты.

5 бөлімнен құралған сайысқа, арулар әр кезең бойынша өз бақтарын сынады.  Арулар әнде салып, биде билеп, көркем сөз оқып, салт – дәстүр, әдет – ғұрып бойынша сұрақтарға жақсы жауап беріп, мақал – мәтелдергеде жүйрік екендіктерін көрсетті. Қолдарынан тағам дайындау, қолөнер дәстүрін жете меңгерген, он саусағынан өнер тамған шеберліктерін байқата білді. «Қыздарға әсемдік жарасады» бөлімі бойынша рухани жаңғыру мақаласы аясында ұлттық нақышта креативті жаңа сән үлгісін көрсетіп тыңғылықты дайындықтарын көрсетті.

Сайыста бағын сынаған арулардың бойында нағыз қазақ қызына тән қасиеттерді сайыс барысында аңғардық. «Жүйріктен жүйрік озар, оза шауып» дегендей сайыс соңында әділ – қазы алқалары аруларымызға әділ баға беріп жұлделі орындармен бағалы сыйлықтар табыстады.

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №7 "Айналайын"  бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.А.Оразбаева қатысушы арулармен ұжымдағы қыздар мен аяулы әйел – аналарды құттықтап ізгі тілегін жолдады. Мерекелік шара жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.

БҚО,  Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының № 7 "Айналайын"
бөбекжайының кәсіподақ ұйымының төрайымы


Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки