Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ – ҰСТАЗ АНА
13 марта 2018
  8 наурыз Халықаралық әйелдер күні – шуақты көктемнің ең ізгі, мейірім мен сүйіспеншілікке толы мерекесі. Осынау мереке күні облыстық білім басқармасы мен салалық кәсіподақтың облыстық ұйымының бастамасымен білім саласының ардагерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов арнайы қатысып, бүкіл ғұмырын бала оқыту мен ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ардагер ұстаздарды құттықтады.
 - Сіздер бүкіл әлемді алақандарыңызбен аялай алатын адамзат баласының ары, рухы әрі жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңізсіздер. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, махаббат пен әсемдік тілеймін, - деді облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Нұрбапаұлы.
Осыдан кейін Қазақстандық салалықмбіліммжәнемғылыммқызметкерлерімкәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков құттықтау сөз айтып, жылы лебізін білдірді.
  - Біз отбасындағы тыныштықты сақтап, қоғам жұмысына белсене араласып, жетістіктерге жетіп жүрген нәзік жандылармен әркез мақтанамыз. Балалар біздің болашағымыз десек, ұстаздар сол жасұ рпақтың бойына адалдық, шыншылдық, адамгершілік, имандылық пен отансүйгіштік деген асыл қасиеттерді дарытып жүрген ерекше жандар. Адамзаттық, ұлттық, қоғамдық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа тап ұстаздардай жеткізер ешкім жоқ.Сондықтан да сіздердің орындарыңыз әрқашан ерекше әрі құрметті, - деді Ерұлан Мағзымбекұлы өз сөзінде.
  Іс-шара барысында барша ардагер-ұстаздарға шоқ гүлдер мен мерекелік сыйлықтар табысталып, қала мектептері оқушыларының ұйымдастырған шағын мерекелік концерті тамашалады.
   Жиын соңында ардагер-ұстаздар – Бәтес Егембердиева, Гүлсін Орынбаева, Айман Садыкова, Нүркен Қасымова, Қалдыкүл Ақжолова, Людмила Казакова, Ұлбала Баялишова, Гүлзия Зауірбекова, Татьяна Шинкевич пен Любовь Нокарякова және өзге де ардагерлер көрсетілген құрметке алғыстарын айтып, жылы пікірлерін білдірді.

Перизат БАҚЫТ




Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки