Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

КӘСІПОДАҚ ОҚУЛАРЫ
17 апреля 2018
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Тараз қалалық комитетінің ұйымдастыруымен наурыз айының соңында «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу» тақырыбында оқу семинары ұйымдастырылды. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілеріне арналған үш күндік семинар Алматы қаласындағы «Қарғалы» пансионатының базасында өтті.

Семинар жұмысын Кәсіподақтың Тараз қалалық комитетінің төрайымы Ирина Костина ашып, семинар мақсатымен таныстырып өтті. Кәсіподақ мүшелеріне және білім саласындағы қызметкерлерге еңбек және өзге де әлеуметтік-экономикалық қатынастарға байланысты проблемалық жағдайларды шешуге көмек көрсету негізгі мақсатымыз екендігін айтқан төрайым бұл кәсіподақ оқулары дәстүрлі түрде жалғасатындығын да айтып өтті. Семинар барысында оқытудың бірнеше белсенді әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқыту барысындағы қызу пікір-сайыстарда алынған мәліметтер саналарда жаттала түсті. «Көшбасшылық», «Келіссөз жүргізу шеберлігі» тақырыптары тренингтің ең тартымды тұсы болды. Елдің жан дүниесін танып, жүректен орын алар сөзді табу және соны тиімді қолдана білу нағыз шешеннің қолынан ғана келеді. Ал сондай шебер әрі шешен модератордан дәріс алып, оны ертең керегімізге жаратсақ, қандай бақыт. Себебі, бастауыш кәсіподақ жетекшісі білімді әрі алғыр болатын болса, ұжымның бірлігі артып, шәкірт тәрбиелеу жолы жарқын болады емес пе?!
Семинардың үшінші күні Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматының тарихи орындарымен таныстық. Елі үшін жанын беріп, өшпес мұра қалдырған 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Көктөбе, Шымбұлақ сынды орындарда болдық. Рухани жан дүниемізді байытқан, тағлымы мол іс сапарымызды «жақсылықты іште сақтамай, елмен бөліскен жөн» деп, ұстаздар қауымымен бөлісіп, Елбасының саясатын жүзеге асыру жолында еңбек етуге шақырғым келеді.

Бахтияр БАҒЫСБАЕВ, №55 орта мектебінің бастауыш 
кәсіподақ ұйымының төрағасы, ТАРАЗ қаласы


Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки