Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

НАСИХАТ ТОБЫ МОЙЫНҚҰМДА БОЛДЫ
17 апреля 2018
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру мақсатында құралған арнайы ақпараттық-насихат тобы Мойынқұм ауданында болды.

Жамбыл Жабаев атындағы орта мектептің базасында өткен жиынға білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіподақ төрағалары мен үйірме жетекшілері қатысты. Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың кіріспе сөзінен кейін Кәсіподақ төрағасының орынбасары Берік Баймағамбетов пен Филиал төрағасы Жанболат Орынбеков қабылданған Келісімнің негізгі тармақтарына тоқталып өтті. Жиын барысында негізгі мәселе қаралып болғасын, сұрақ-жауап сағаты өтті. Онда ұстаздар қауымы зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарға тартылғаны үшін қосымша ақының төленбей отырғанын, сенбі күні мектепке емес жолдың бойын тазалауға мектеп әкімшілігі мәжбүрлеп шығаратынын айтып, мұның қаншалықты заңды екендігін нақтылап беруді, сондай-ақ, НЗМ-де 3 деңгей бойынша білімін көтерген мұғалімдердің жалақысына қосылатын 30 пайыз жалақы қай уақытқа дейін төленетінін, еңбек демалысына кеткен мектеп басшысының орнына отырған орынбасарына қандай да бір қосымша ақы төленуі тиіс екендігі туралы сауалдар жолдап, нақты жауаптар алды.

«Еңбекші»-ақпарат




Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки