Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

ӨНЕР МЕН БІЛІМ – ЖҰТАМАС БАЙЛЫҚ
17 апреля 2018
«Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Сол себепті де халық өз ұрпағын өнердің сан-саласынан толық мағлұматты болуын аңсап, оған қатты көңіл бөлген. Өнердің қай түрі болмасын құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы деп бағалаған. Осы орайда жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздардың өнері өрге жүзіп тұрса бір ғанибет емес пе?! Бұған Жаңатас қаласында Сарысу аудандық мәдениет үйінде өткен «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты аудандық педагогикалық көркемөнерпаздар шығармашылығының VІІ аудандық гала-концертінде көз жеткіздік.

Патриоттық сарындағы өлеңдер оқылып, кеш жүргізушілері қазылар алқасын таныстырып өткесін сахна шымылдығы ашылып, Оксана Киккастың жетекшілігімен біріккен білім мекемелерінің педагогтарынан құралған хор Қайрат Жүнісовтың «Ант етем» және Алтынбек Қоразбаевтың «Қазақстан елдің аты» әнін орындап шықты. Би номинациясында Балалар жасөспірімдер орталығының ұжымы орындаған «Тәуелсіздік тұғырым», Балдырған бала бақшасының педагогтары билеген «Ұйғыр» және «Танец небесных птиц» билері қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Әдетте, ерекшелік пен ізденімпаздықты талап ететін оригиналдық жанр номинациясын сахналауда сарысулықтар оқ бойы алда болды. Мәселен, «Айгөлек» балабақшасының қызметкерлері мен Игілік балалар өнер мектебінің ұстазы Ақтөре Қорғұлиев «Суретшінің қиялы» композициясында желім мен жылтырақ қағаздар арқылы қазылар алқасының мүшесі Гүлсін Орынбаеваның бейнесін бейнелесе, балабақша ұжымы Д.Шестаковичтің «Вальс шутка» шығармасын орындады. Сондай-ақ, Саудакент саз мектебінің, М.Әуезов атындағы орта мектебінің орындаған номерлері де оригиналдық жанрдың жан-жақтылығын дәлелдей түсті.

Тек қана мектеп, бала бақша және мектептен тыс орталық мұғалімдері ғана өнер көрсетіп, 2 сағатқа созылған гала-концертте Жаңатас қалалық балалар өнер мектебінің өнерлі ұстаздары орындаған Асторро Пьяцеллоның «Либертанго», «Ол кезде көктем еді» акапелло жанрындағы шығармасы да үздіктер қатарынан көрінді. Сарысу орта мектебінің технология пәні мұғалімі Самат Қакуовтың жетекшілігімен халық әні «Сәулем-айды» орындаған әжелер ансамблі сахна сәніне көрік беріп тұрды.

Фестиваль соңында қазылар алқасы Балалар жасөспірімдер орталығының ұжымы орындаған «Тәуелсіздік тұғырым» атты би-композициясын облыстық фестивальге өткендігін хабарлап, аудандық гала-концертте үздік көрінген бірқатар ұжымдарды Алғыс хатпен марапаттады. Ал фестивальге қатысып, өнер көрсеткен барлық ұжымдар аудандық кәсіподақ ұйымы атынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Перизат БАҚЫТ




Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки