Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

НЕГІЗГІ МАҚСАТ - ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІКТІ ЖЕТІЛДІРУ
17 апреля 2018
Жамбыл облысы, Шу ауданы М.Мақатаев атындағы орта мектебінің мәжіліс залында Білім саласы қызметкерлерінің лайықты еңбек ету деңгейін арттыруға, лайықты әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға, қолданыстағы заңда кемшін қалған бірқатар кепілдіктер мен жеңілдіктердің орнын толтыруға бағытталып, облыстық білім басқарамасы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының арасында 2018-2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің нормалары мен ережелері және оларды қолдану тәртібін түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Аталған жиынға аудандық білім мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесу барысында кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков бүгінгі қоғамдағы білім кәсіподағының рөлі, еңбек ұжымдарындағы ұстаздардың құқығының қорғалуы, жалақы мен түрлі қосымша ақылардың уақтылы төленуі секілді маңызды мәселелерге тоқталып өтіп, осы тектес мәселелердің түйінін шешетін арнайы Келісімнің қабылданғанын, оның нормалары бүгінде іске асырылып жатқандығын айтып өтті. 

- Келісімнің негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік әріптестікті барлық деңгейде жетілдіру, яғни облыстық деңгейден – әрбір мекемеге, ұйымға дейін. Мемлекеттік билік органдары атынан өкілеттік етіп отырған жұмыс берушілер де, кәсіподақтар да өз құзыреттері аясында барлық еңбек ұжымдарында осы Келісімнен туындайтын ұжымдық шарттардың орындалуына күш салуымыз қажет. Біздің мақсатымыз сол құжаттың нормаларын түсіндіру, тек қабылданып қана қоймай, оның жұмыс істеуіне түрткі болу, - деп атап өтті Ерұлан Сәбенұлы.

Жиынның негізгі бөлімінде бас инспектор Берік Баймағамбетов 2018-2020 жылдарға қабылданған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің артықшылықтарына тоқталып, әр тарау бойынша түсіндіру жасап өтті. 
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу түйткілдері мен педагог қызметкерлерді аттестаттатаудың жаңа Ережесі туралы Кәсіподақтың Біріккен комитет төрағасы Жанболат Орынбеков егжей-тегжейлі айтып берді.

Шара барысында оқу жылының ортасында зейнет жасына толған қызметкердің еңбек шартын созу, алыс ауылдан келіп оқитын оқушыларды тасымалдау кезінде оқушының қауіпсіздігіне кім жауапты, шағын орталыққа азық-түлік аларда ата-аналар комитеті қатыса ала ма, сенбі күні мектеп басшысы мұғалімдерді қоғамдық жұмысқа тартуға құқылы ма, қосымша білім беру педагогтарының еңбек демалысы сенбі күні жұмыс істесе де не себепті 42 күнді құрайды, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне не себепті бұған дейін төленген қосымша ақы төленбейді деген сынды бірқатар сұрақтар қойылып, құқықтық оқыту семинарына қатысушылар тарапынан ой-пікірлер ортаға салынды. Ақпараттық насихат тобының мүшелері барлық сұрақтарға заң шеңберінде жауап беріп, кейбір талдау мен зерттеуді қажет ететін сауалдарға «Еңбекші» кәсіподақтық басылымының бетінде жауап қайтаратынын ескертті.
Шара соңында қатысушылар алдағы уақытта осындай ұстаздар үшін де, жұмыс берушілер үшін де пайдалы кездесулерді жиі өткізіп тұруға уағдаласты.

Бейбіт БЕКНАЗАРОВ, ЖАМБЫЛ облысы






Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки