Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Талдықорғанда мектепке дейінгі мекемелердің педагогтары байқауға қатысты
21 апреля 2018

20 сәуір күні Алматы облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарына арасында «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» облыстық үздік сабақтар фестивалі  өтті.

Шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету мақсатындаөткен шарада қатысушылар  күн тәртібі бойынша бағдарламаға сәйкес оқу қызметінің бейнежазбасын  8-10 минут қорғады. Фестивальға ұсынылған жұмыстарды І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мамандары бағалады. 

Қазылар алқасының шешімі бойынша:

І орын – А.Ақылбекова, Кербұлақ ауданы «Балдырған» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

ІІ орын – Л.Адилбекова, Талдықорған қаласы №3 «Балбөбек»  сәбилер балабақшасының бейнелеу  өнері мұғалімі

ІІ орын – М.Мамырбекова, Текелі қаласы, №2 балабақшасының тәрбиешісі

ІІІ орын – Р.Жапсарбаева, Қаратал ауданы №25 балабақшасының тәрбиешісіІІІ орын – Б.Сеилжанова, Алакөл ауданы, «Нұрлытаң»балабақшасының тәрбиешісі иеленді.

Білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымының бас маманы  Г.Омарова жүлдегерлерді құттықтап, қоғамдық бірлестік атынан Құрмет грамоталарын тапсырды.

Фестивальға 17 педагог қатысты.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы 
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі









Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки