Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Туризм -2018» қалалық жарысы өз мәресіне жетті
16 мая 2018
10-12 мамыр күндері білім және ғылым қызметкерлерінің Талдықорған қалалық кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелерінің арасында алғашқы рет спорттық туризм жарысын ұйымдастырды. Жарыс Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. 
Спорттық шараның негізгі мақсаты - «Рухани жаңғыру» бағдаламасының «Атамекен», «Туған жер» жобаларына сәйкес спорттық туризмді дамыту, ұстаздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау және сақтай білуге үйрету.
Жарысқа Талдықорған қаласындағы орта мектептерінен 24 команда, барлығы 180 қызметкер қатысты. Үш күнге созылған жарыс кезінде қатысушылар жартасқа өрмелеу, түрлі өткелдерден өту сияқты Ережеге сәйкес түрлі сынға түсті.
Соңыра нәтижесі шығарылып, қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Құралай Қсталасова жеңімпаздарды құттықтап, Атқару комитеті атынан жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар тапсырды.
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша төмендегі командалар жүлделі орындарға ие болды:
I орын - Н.Островский атындағы №8 орта мектеп 
II орын - Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп 
III орын - №16 орта мектеп-гимназиясы. 
Сонымен қатар, командаларға «Топты таныстыру», «Кедергіден өту», «Туристік бағыт-бағдар», «Ең үздік лагерь», «Үздік сурет» бағыттары бойынша жүлделі орындар және «Үздік әнші», «Үздік дәрігер», «Үздік аспазшы» номинациялары беріліп, қалалық кәсіподақ комитеті мен білім бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. 
Жоғары деңгейде өткен шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға үлес қосты.

А.ЖӨНКЕБАЕВА, Талдықорған қалалық 
кәсіподақ комитетінің маманы






Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки