Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты келісім – еңбек адамының кепілі
17 мая 2018

Жезқазған аумақтық білім және ғылым қызметкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастарын реттеу, олардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, туындаған еңбек дауларының дер кезінде шешуге ықпал ету мақсатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік  одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасы арасында 2018-2020 жылдарғы арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты келісім жасалды.

Аталған құжатқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік  одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.С. Қоңырбаев, «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Н. Иманғалиев және Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Е.Д. Күлпейісов қол қойды. Бұл құжат Жезқазған аумағындағы аудан-қалаларда келісімдер мен ұжымдық шарттар жасауға негіз болып табылады.

2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты келісім Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2018 жылдың 27 сәуірінде №63 ресми түрде тіркелді.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері 
кәсіптік 
одағының Жезқазған аумақтық кәсіподақ ұйымы» ҚБ


Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки