Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

КӘСІПОДАҚТЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
21 мая 2018

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы Кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбековтың төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлімше жетекшілері, аймақтық құқықтық инспекторлар қатысты.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Гулия Акимбаева кәсіподақ комитеті мен құрылымдық бөлімшелердегі қаржының 2017 жылғы жұмсалуы мен қаржы қызметінің қорытындылары туралы; Кәсіподақ құрылтайшылығындағы шағын кәсіпорындардың жетекшілері Жангелді Қойбағаров пен Бейбіт Бекназаровтың 2017 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтері туралы есептері тыңдалды. Қарастырылған мәселе бойынша Кәсіподақтың облыстық ұйымы мен шағын мекемелердегі қаржылар сметаға байланысты жұмсалып, ретсіздіктің болмағандығын, мақсатты жұмсалғандығын комитет мүшелері атап өтті.

Екінші мәселе бойынша Жуалы, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандары бойынша құқықтық кәсіподақтық еңбек инспекторларының сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау жұмысын ұйымдастыру жағдайы туралы мәселе қаралды. Қарастырылған аймақтарда жағдай тұрақты, білім мекемелерінде әлеуметтік шиеленісушілік ошақтары немесе еңбек даулары тіркелмеген.

Сондай-ақ, алқалы жиында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің, ТарМПУ-нің Студенттік кәсіподақ комитеттерінің кәсіподаққа мүшелікке ынталандыру жұмысы туралы есептері тыңдалып, облыстық ұйымның алдағы Қазақстан кәсіподақтарының күнін атап өту бойынша жоспар бекітілді. Атқару комитеті жиын барысында сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы өкілдерін сауықтыру бойынша шараларға тоқталып өтіп, арнайы Қаулы қабылдады.

Перизат БАҚЫТ








Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки