Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Үздік бастауыш мұғалімім
15 октября 2018
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы мен Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлесуімен ағымдағы жылдың 12 қазанында Ақтөбе қаласы № 36 орта мектебінің базасында өткен «Үздік бастауыш класс мұғалімі-2018» облыстық байқауының үздіктері анықталды.
Байқауға қатысушы ұстаздар «Менің шығармашыл ұстазым», бейнетүсірілім арқылы өздеріне жан-жақты шығармашылық тұрғыда таныстырылым жасаса, «Ең үздік сабақ үлгісі» бөлімінде №36, №26 орта мектептерінің 2 және 3 кластарында жаңартылған бағдарлама негізінде сабақ көрсетті. Ұстаздардың педагогикалық әрекетті шебер ұйымдастыруы мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері байқалды.
Байқау жеңімпаздары облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы мен облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бірлескен дипломдарымен және облыстық кәсіподақтан ақшалай сыйақыларымен марапатталды. Бас жүлде иегері Қарғалы ауданы №1 Бадамша орта мектебінің мұғалімі Г.Есееваға облыстық кәсіподақ есебінен «Мерке» шипажайында демалуға Сертификат табысталды.
Жеңімпаз ұстаздарға жаңашылдық пен үздіксіз ізденіс, кәсіби даму мен шығармашылық табыс тілейміз!!!!

«Қазақстандық салалық білім
және ғылым қызметкерлері кәсіптік
одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ




Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки