Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Ел болашағы Шалкар ауданы
8 ноября 2018

Ел болашағы - жігерлі жастардың қолында. Озық ойлы: жалынды,  рухты жастары бар елдің бағыты айқын,  болашағы жарқын. Аудан көлемінде жастарымызға үлгі болатындай, өмірде өз алдына алатын орны бар аналарымызбен әкелерімізге арналған  "Дара жол" ұйымдастырылды. Дара жолдың бас кейіпкері -  ардақты ана,  асыл жар "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі" және "Білім жəне ғылым қызметкерлерінің кəсіподағына сіңірген еңбегі үшін" төс белгілерінің иегері, білім беру саласында 42 жыл еңбек өтілі бар, қазіргі таңда Шалқар аудандық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі-  Үсенова Айзат Аманғалиқызы. Кездесуге аудан жастары қатысып, көкейлеріндегі қазіргі қоғамдағы негізгі мақсат "Кім боламын?",  "Бақыт биігіне еңбек жолымен қалай жетемін?" деген өз ойларын ортаға салды. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жаста келеді.Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді, батыл болып, еңбегінің қуанышын таба білсе, шабыты арта түсіп, дегеніне жетеді - деді өз сөзінде Айзат Аманғалиқызы. "Дара жол" кешіне балалары келіп, гүл шоқтарын ұсынып, жанұядағы ана мен əкенің қамқорлығы туралы жылы лебіздерін білдірсе, маңызды ой пікірлерімен бөліскен, жастар, үлкен әсер алып, қошемет көрсетті.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки