Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Спорт – денсаулық кепілі
9 ноября 2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық, әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. «Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі»,- деп бекер айтпаса керек. Гүлденген эканомиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе, жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз.

Елбасының ел денсаулығын көтеру барысында айтылған сөздердің бірі де бірегейі: “ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу”. Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтырумен айналысу. Ауыл спортын көтеруге көбірек көңіл бөлу. Салауатты Қазақстан болуға апаратын негізгі бағыттардың бірі осы болса керек.

Мұғалімдер кәсіподақ ұйымының бекітілген жылдық жоспары бойынша ұстаздардың демалыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында қарашаның 1 жұлдызында  Шахтер ауылындағы спорт кешеңінде волейбол, теннис, шахмат ойынынан мұғалімдер спартакиадасы өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың 18 командасынан  98 адам қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мұғалімдер кәсіподағының төрағасы Мустафин Адамбай, аудандық спорт комитетінің төрағасы Оспанов Еркін, білім беру бөлімінің әдіскері Имашев Жанболат  жарысқа қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі. Аталмыш білім ордасының ұстаздарының ұйымдастыруыменен концерттік бағдарлама жалғасын тапты.

Мұғалімдер спартакиадасы қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша теннистен:

1- орын

  •                         Уашев А.К. (Асубаев ЖОББМ)
  •                         Бердікей Жарқын (Пржевал ЖОББМ),
  •                          Бердікей Маржангүл (Пржевал ЖОББМ).
  •                          Жеке есеп бойынша: Уашев Айдос, Бердікей Жарқын, Бердікей Маржангүл жеңіске жетті.

2- орын

  •                         Жаркен Азамат (Нұра ОМ)
  •                         Егімбаев Есенжол (Щербаков ОМ)
  •                         Тынымбаева Бота(Щербаков ОМ)

3- орын

  •                         Кульмағамбетов Азамат (Киевка №1 ОМ)
  •                         Хайролла Таир (Киевка №1 ОМ)
  •                         Кульмағамбетов Маржан (Киевка №1 ОМ)

Шахмат сайысынан: 1 орынды- Хамзин Т.Ж. (Балалар және спорт мектебі), - Тураров Мәди (Балалар және спорт мектебі),  Чуутан Арзангүл (Балалар және спорт мектебі) иеленсе, жеке есепте: Хамзин Т.Ж. (Балалар және спорт мектебі), Сарсенбаев А.Ж. (Қарой ЖОББМ), Пшенбаева А.А. (Пушкин НОМ).

2- орын

  •                        Сарсенбаев Айткен (Қарой ОМ)
  •                        Усербаев Нурдос (Киевка №2 ОМ)
  •                        Байпеисова Гаухар(Киевка №2 ОМ)

3- орын

  •                        Аубакиров Бекболат (Сулейменов ОМ)
  •                        Даукишев Мейрхан (Талжанов ОМ)
  •                        Пшенбаева Айдана (Пушкин НОМ)

 Ең қызықты, тартысты ойын волейбол жарысынан болды. Командаларды жеңіп, таза жеңіске қол жеткізген: Балалар және спорт мектебінің құрамасы,2 орынды- Пржевал ЖОББМ ұстаздары алса, 3 орын қола жүлдені Байтуған ЖОББМ ұстаздары еншіленді. Ерлер мен қыздар арасында ең үздік ойыншылар анықталды. Олар: Белан Евгений (үздік  шабуылшы),Төлеген Досжан (үздік ұйымдастырушы), үздік қорғаушылар атағына: Құрманғазы Нұргүл мен Колчина Виктория атанды.
  Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер болған командалар мен жеке ойыншыларға мұғалімдер кәсіподақ ұйымының атынан Адамбай Хасенович арнайы дипломдар, медальдар мен бағалы  сыйлықтар тапсырды. Спартакиада соңында жарысқа қатысушылар естелікке фотосуретке түсті.

Әлмағамбетова А.М., Мұғалімдер кәсіподағының мүшесі

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки