Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 308
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Жас қанат» жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті
4 декабря 2018

2018 жылдың 30-шы қараша күні аудан орталығындағы №26 орта мектептің базасында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған «Жас қанат» жастар кеңесінің кезек отырысы болып өтті. Отырысқа аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева,  «Жас қанат» жастар кеңесінің төрағасы Е.Байдрахманов, «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелері және жаңадан қабылданған жас ұстаздар  қатысты.

Кезекті отырыстың басы №26 орта мектептің психологі Бағжан және Шынардың тренингімен басталып, қатысушыларды топ топқа бөліп, бір-бірлерімен таныстырып, көңілдерін бір серпітті. Отырыс барысында аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаева Елбасы Н.Назарбаевтың 2019 жыл -  Жастар жылы деп жариялауына байланысты жастарды бірлесіп жұмыс жасауға,  түрлі шаралар өткізуге, белсенділік танытуға шақырды.  «Жас қанат» жастар кеңесінің төрағасы Е.Байдрахманов 2016 жылдан  бері атқарылған жұмыстардың есебін беріп, жаңадан қабылданған жас ұстаздарды таныстырып өтті. Е.Байдрахмановтың қызметінің өсуіне орай,   «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелері төрағалыққа №26 орта мектептің математика пәні мұғалімі, белсенді ұстаз Ізкенов Қуандықты бір ауыздан сайлады.

Аудан жастары 2019 жылдың жоспарына өз ұсыныстарын ортаға салып, тұжырымды пікірлер айтып, ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта жаңа жылдық іс-шара мен 2019 жыл «Жастар» жылын қызықты, тартымды шаралар өткізуге атсалысатындарына уаде берді. «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшелері Н.Оңдашов, Г.Төлебаева жаңадан сайланған «Жас қанат» жастар кеңесінің төрағасы Қ.Ізкеновке және жас ұстаздарға сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық білім 
қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы Г.Серікбаева










Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки