Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы
19 марта 2019
Бастауыш кәсіподақ ұйымының жиналысы ағымдағы жылдың наурыз айының 15-нде Ақтау қаласы, №10 мектепте өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ - нің Ақтау қалалық филиалының 2018 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2019 жылдың статистикалық есебі.
2. Бастауыш кәсіподақ ұйымының міндеттері туралы.
3. 2019 жылы қабылданатын «Педагог мәртебесі» заң жобасына енгізілген өзгерістер.
4. 2018 жылдың кірісі мен шығыс сметасының орындалысы, кәсіподақ бюджетінің 2019 жылға арналған сметасын бекіту туралы
5. Ағымдағы мәселелер.
Жиналысқа 55 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары қатысты. Жиналысты қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова жиналысқа қатысушыларды наурыз айындағы мерекелерімен құттықтай келе, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 2018 жылдың жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша баяндама оқылып, слайд арқылы әрбір өткізілген жұмыс түрлері көрсетіліп тұрды.
Кәсіподақ қоғамның бөлінбес бөлшегі екені даусыз. Кәсіподақтардың негізгі міндеттері яғни олардың басты функциясы - еңбек және еңбекпен байланысты қатынастар саласында қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асырумен байланысты.
2018 жылы қалалық кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарына сәйкес жұмыстар және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ішкі,сыртқы еңбек қатынастары, еңбекақы жүйесі,әлеуметтік жағдайларына да байланысты бірқатар жұмыстар өз деңгейінде орындалып, қолдау көрсетілді.
Қазіргі таңдағы біздің қызметкерлеріміздің тарапынан қойылатын сұрақтар, «Кәсіподақ не үшін керек?», «Бізге не беріп жатыр?», деген сұрақтар бірінші кезекте тұрады. Міне, осындай мәселелерді шешуде облыстық, қалалық кәсіподақ тарапынан бірнеше ұжым қызметкерлерімен кездесіп түсіндірме жұмыстары мен кеңестер, әлеуметтік еңбек қатынастарын қорғаудағы кәсіподақтың ролі айтылып және еңбекті қорғау деппартементінен бекітілген ұжымдық шарттың ролі, ал оның орындалысын қадағалап отыру бастауыш кәсіподақ ұйымының құзырында екендігі айтылып келеді.
Баяндама соңында әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымының басты міндеті кәсіподақ ұйымының мүшелерінің құқықтарын қорғау және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру.
Кәсіподақ ұйымы үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет. Әрбір мүшелік кәсіподақ ұйымындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының басшылары, сол ұйымның мықты қолдаушы күші екенін білуіміз керек. Осы орайда қоғам үшін атқарып жатқан іс-шаралардың барлығы оң нәтиже беріп, кәсіподақ беделі арта берсін дегім келеді, деп аяқтады.
Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтылып, бірқатар түсініктер берілді. 2019 жылы қабылданатын «Педагог мәртебесі» заң жобасына енгізілген өзгерістер және осы бағытта Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ұйымдастыруымен «Дөңгелек Үстел» өткізілгендігін және сол жиынға сенат депутаттарымен мұғалімнің мәртебесі қайткенде де жан-жақты қорғалып, қабылданатын заңда талқыға түскен ұсыныстар енгізілуіне кәсіподақ ұйымы жұмыстанып, нәтижесінде Үндеу дайындалып Үкімет басшыларына жіберілгендігі айтылып өтті.
Бүгінгі таңда білім саласындағы кәсіподақ –біздің қолдаушы күшіміз екеніне күмән болмау керек екендігін атап өтті. Жиналыста күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, қойылған ашық сұрақтарға жауап берілді.
Жиналыс барысында белсенді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары К.Кадимова, О.Щукина, С.Батрханова, А.Тажекенова кәсіподақ саласындағы өздерінің тиімді ұйымдастыру жұмыс түрлерін атап өтіп, кеңестерімен бөлісті.
Жиналыс соңында белсенді жас бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары облыс және қалалық кәсіподақ ұйымы атынан дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар қалалық кәсіподақ ұйымы атынан «Амал күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік дастарханға шақырылып, бір-біріне тілектер айтылды.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары атынан №54 балабақшаның төрайымы Ж. Мухтарова жиналыстың өз деңгейінде өткізілгендігін айта келе, алғысын білдіріп, кәсіподақтың мықты қолдаушы күші екендігін атап өтті.

Ақтау қалалық филиалы кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова
Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки