Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Білім қызметкерлерінің аудандық «ХІІ - Наурыз шапағаты» жастар өнер фестивалі өтті
20 марта 2019

Аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің  ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың «2019 жыл - Жастар жылы» деп белгіленуіне орай дәстүрлі білім қызметкерлерінің «Наурыз шапағаты» фестивалінің шеңберінде жас ұстаздардың өнерін халық арасында кеңінен насихаттау, олардың орындау шеберлік деңгейінің артуына ықпал жасау, музыкалық шығармашылықтың әртүрлі жанрларын дамыту мақсатында Қармақшы ауданында 5 аймақ бойынша үздік өнер көрсеткен 35 жасқа дейінгі білім қызметкерлерінің өнерпаздары іріктеліп,  аудандық "ХII-Наурыз шапағаты" жастар өнер фестивалі 2019 жылдың 19 наурыз күні  Шамшат Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінде өтті.          

«Мұғалім мамандығы - барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаздар қауымының тек қана білім айдынында ғана емес, өнер теңізінде де еркін жүзетін, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұлы еңбектен бақыт тапқан бағалы жандардың басын қосқан фестивальде Қармақшы аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы ұстаздарды құттықтады.

Бұл фестивальде жас ұстаздарымыз хор, ансамбль, вокал, квартет, трио, дуэт, жеке әншілер, әр түрлі халықтар және жастар билері жанрларында өздерін жан-жақты көрсете білді. Сонымен қатар, «Ұлы даланың  жеті қыры» атты зал төрінен орын алған ашық көрме ұйымдастырылды. Білім қызметкерлерінің аудандық «Наурыз шапағаты» жастар өнер фестивалі қатысушы жас ұстаздарымызға «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреат атағы берілді.

Осы фестивальді облыстан келген облыстық білім қызметкеркерлері  кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Байназарова Райкүл Мансурқызы және ҚР еңбегі сіңген әртісі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы Қаракөз Ақдаулетова іріктеу жасап, ауданнан алты нөмерді 2019 жылы 28 наурыз күні өтетін облыстық «Наурыз шапағаты» өнер фестиваліне шақырды.

«Наурыз шапағаты» фестивалі аудандық мәдени өміріне үлкен серпіліс әкеліп, халықтық өнерді насихаттауға ерекше үлес қосты деп нық сеніммен айта аламыз.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы №21 «Тоғжан» балабақшасының 
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақбатырова Жазира






Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки