Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Наурыз - еңбек пен татулықтың мерекесі
20 марта 2019

Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналды. Жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.

Білім қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті де жылдағы дәстүр бойынша Наурыз мерекесін атап өтуде. Кәсіподақтар үйінің алдында қазақтың салт-дәстүрі бойынша ән айтылып, терме тартылып, сәбидің тұсауы кесілді. Киіз үйде жайылған ақ дастарқаннан кәсіподақ ардагерлері, қонақтар дәм татып, мерекелік тілектерін ақтарып, ақ бата берілді. Ел саясатына үлесін қосып, арнайы қонақ ретінде  облыс бойынша 80  кәсіподақ жанұяларына Наурыз мейрамына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік дастархандарына  азық-түліктен жинақталған (25 кг.-ұн, 10 кг-күріш, 5 л.- май, шәй, 1- қораб алма, тәттілер) «Наурыз  қоржыны»  тапсырылды.

Наурыз береке-бірліктің, ізгіліктің, татулықтың, қайырымдылықтың, кешірімділіктің, бауырмалдықтың мерекесі. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мейрамы отбасыңызға бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Облыстық кәсіподық комитеті


Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки