Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Менің кәсібім - менің мақтанышым!
25 апреля 2019
Тараз қаласындағы №45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасында кәсіподақ ұйымының бастамасымен кіші қызметкерлер арасында «Менің кәсібім - менің мақтанышым!» атты байқауы өтті. 
Алғашқы «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» кезеңінде қатысушыларымыз өз өздерін таныстырды, ал қазылар алқасы олардың сахнада өзін-өзі ұстай білуі, мәнері мен ұлттық киім үлгісіне мән берді. Өздерінің жұмыстарын қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатындағы «Менің кәсібім - менің мақтанышым!» кезеңінде қатысушыларымыз өз қызметтерін қорғап, қауіпсіздік ережесіне қойылатын міндеттер мен талаптар бойынша білімдерін бәйгеге қосты. 
«Ақылдылық сіздерге жарасады» атты кезеңде қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен өз кәсіптеріне байланысты сұрақ-жауап арқылы бағаланса, «Өнерге әр кісінің бар таласы» кезеніңде көрермендер қатысушылардың домбырамен ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқу шеберліктері мен дәмді тағамдар әзірлеу өнерлеріне тәнті болды. «Қазақтың салт-дәстүрі» деп аталатын ақырғы кезеңде қатысушылар қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тәрбиелік мәнін көрініс арқылы көрсетті. 
Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша І орынды балабақша аспазы Рыскүл Тюлюпова, ІІ орынды тәрбиеші көмекшілері Елена Аширбаева мен Гүлмира Абылдаева, ІІІ жүлделі орынды тәрбиеші көмекшісі Индира Есенкулова иеленді. «Көрермендер көзайымы» номинациясын Венера Тасболова жеңіп алды. Жеңімпаздарды бөбекжай-бақша меңгерушісі Динара Салемова құттықтап, Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті.

Алма ОЛЖАБАЕВА,
ТАРАЗ қаласы

Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки