Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ АЙТАР ТІЛЕГІ ДЕ БАР ЕКЕН
21 мая 2019
– Ауылымызда жұмыссыздық мәселесі ушығып тұр, – деп бастады сөзін ҚР Президентігіне үміткер А.С. Таспиховтың үгіт-насихат тобының мүшелерімен болған кездесуде Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылындағы Қамысқала селолық округының төрайымы Рафиғат Тажиденова. – Бүгінде 143 адам нақты есепте тұрғандықтан ауданда бұл мәселеде алдыңғы көшті бастап тұрмыз. Олардың көбі жастар, сондықтан осы мәселені шешуге қол ұштарыңызды берсеңіздер екен. Олар түрлі ауданда, облыста өткізілген жәрмеңкелерде жұмысқа қабылданады да, өкінішке орай 2-3 айдан соң түрлі қысқартуға ұшырап кетеді». Бұл мәселеге жауап берген ҚР Президентігіне үміткер А.С. Таспиховтың Атыраудағы аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі, облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы І.Ұ. Баймұқанов облыс орталығында қол күші керек өндіріс орындарын атап беріп, қазірде үлкен жалақыны місе тұтқан олардың орнына көршілес облыстан, сондай-ақ «өзбек ағайындарымыз» еңбек етіп жүргенін мысалға алды. Бұдан кейін сайлаушылар тарапынан болған окургтегі 2 мектеп педагогтарының жазғы емдеу-сауықтыру мәселесі мен балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру туралы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы баяндады. 
Үгіт тобымен болған кездесуде Ғ.Масалимов атындағы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлан Сиғуатов саяси науқан туралы өз ой-пікірін білдіріп, ауыл тұрғындарын 9 маусым күнгі шараға ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.
Облыс орталығынан шыққан үгіт тобының мүшелері келесі сапары Тұщықұдық округында жалғасты.

Қ.ҚҰЛЖАНОВ



Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки