Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
23 мая 2019
Сырым аудандық білім беру бөлімі ғимаратында 22 мамыр күні «Кәсіподақ ұйымы және оның қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың ролі» тақырыбында бастауыш кәсіподақ төрағаларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Желілі кесте бойынша ұйымдастырылған шараға білім саласының облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Марат Даупаев және кәсіподақ аппаратының бас мамандары, сонымен қатар Сырым аудандық білім бөлімінің басшысы Дайыр Сапаров қатысты. 
Дөңгелек үстелге барлығы 43 адам қатысты. Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы алғы сөзінде алдымен сайлау науқанына қатысты үгіт – насихат жұмыстарына тоқтала отырып, Кәсіподақтар атынан ҚР Президенттігіне ұсынылған Амангелді Таспиховтың кандидатурасын қолдау туралы және Салалық Кәсіподақтың Орталық Атқару комитетінің отырысында қаралған кейбір өзекті мәселелерден ақпарат берді.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес, Сырым ауданының «ЖББ М.Каналиев атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс барысы» тақырыбында М.Каналиев атындағы орта мектеп –балабақша кешенінің бастауыш кәсіподақ төрайымы Динагуль Кажгереева, «ЖББ Аралтөбе орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымында «Еңбек шартын жаса!» акциясының жүргізілуі және ұйымдағы қоғамдық бақылау жұмысы туралы» тақырыбында Аралтөбе ОМ бастауыш кәсіподақ төрағасы Қайыржан Арыстанов слайд арқылы баяндама жасады.
Облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы – заңгер Гүлжанат Курмангазиева Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымындағы білім беру мекемелерінде еңбек заңдылығының сақталуы мен орындалуына байланысты атқарылған қоғамдық бақылау жұмыстары туралы баяндап, құқықтық кеңес берді. Ал, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Гүлнұр Хаирлиева кәсіподақ жарнасының жұмсалу бағыты бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Сырым ауданының білім бөлімінің басшысы Дайыр Сапаров шараға қатысып отырған кәсіподақ төрағаларының өндірістік кеңес және қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқандары үшін және Сырым аудандық кәсіподақ жұмысын жүйелі жүргізіп отырған аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Ляззат Тапаеваға ризашылығын білдіріп, кәсіподақ мүшелеріне аудандық білім бөлімінен көрсетілетін материалдық көмекті кәсіподақ комитетімен келісіліп берілуі жөнінде ұсыныс өз айтты.
Кәсіподақ белсенділерінің интернат желісі жоқ кейбір шалғай аймақтарда мұғалімдердің электронды журнал толтырудағы қиыншылықтары туралы қойылған сұрақтарына бөлім басшысы Astel компаниясымен келісімге отырып, бұл мәселе де шешіледі деп сендірді. 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ 
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 
КӘСІПОДАҒЫ






Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки