Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Көкейтесті мәселелердің шешімі
17 июня 2019

Маусымның 14 күні Жаңаөзен қаласының №19 орта мектептің мәжіліс залында жүрмелі облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.

Семинарға  Облыстық білім басқармасының мамандар бөлімінің жетекшісі Бақтыгул Өмірбекова, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Т.А.Баймбетова және құқықтық  қызметтер жөніндегі бас маман, заңгер Н.С.Храмова, Жаңаөзен қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.С.Мухашева қатысты. Сонымен бірге қалалық білім беру қызметкерлері, есепшілері, әлеуметтік әріптестер - мектеп басшылары, мектеп есепшілері, кәсіподақ төрайымдарымен мұғалімдер қатысты. Барлығы 62 адам.

Семинарды Тарбия Анайбекұызы Баймбетова бастап барлық сұрақтарға егжей – тегжейлі тұжырымды жауаптарын беріп отырды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен Білім заңын негізге ала отырып, ұжымдық шартта көрсетілген мұғалімдерге тиісті барлық заңдылықтарды нақтылап айтты.

Соңғы кезде Жаңаөзен қаласының мұғалімдерінің атынан,  Білім және ғылым министрлігіне дейін шағымданған қызметкерлердің бар екенін атап өтті. Мұғалімдер тарапынан негізінен қойылған мәселелері: жалақысының дұрыс төленбейтіндігі,  еңбек демалысының дұрыс берілмегендігі, БМЖ туралы үстеме жалақының дұрыс төленбегендігі туралы  жазылған хаттар екенін және осы кезеңде заңға сәйкес төленуі керек екенін дұрыс түсіндірді.

Заңгер Наталья Станиславовна Храмоваға қатысушылар көптеген сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

1. Мектептерде 01.09.19 жылдан бері қосалқы қызметкерлерге қанша күн демалыс және демалысқа (сауықтыру) жәрдем ақы тиісті?

2. Зейнеткерлерге жасалатын еңбек шарты қалай жасақталады. Қанша күн тиісті демалыс және демалысқа (сауықтыру) жәрдем ақы тиісті?

3. Қосалқы қызметкерлерге  жаңа білім мазмұны  бойынша сағат саны толық толенеді ма?

Қатысушылар тарапынан  осындай семинарлар жиі  ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстар берілді.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қалалық филиалының төрайымы, Райыс Сарсенқызы Мұқашева






Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки