Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Спорт - бақытқа бастар жол
20 июня 2019
Қазақстан халқына Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруында айтылғандай болашақта жаһандық картада ешкімге ұқсамайтын ұлт болатынымызға сенім білдіргені, ұлттық сананың кемелденуін өз мақсаты ретінде қойғандығы. Елбасымыздың әрбір азаматына да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарына ерекше бөліп көрсетіп отыр. Спорттың да бірлік пен толеранттылық және мәдени байлықпен бірге бір сатыда тұруы Қазақстан халқының көкжиегін кеңейтіп, мемлекетімізді әлемдік деңгейге бүгінгіден де биік көтерудің негізгі ұстанымы болып табылады. 
Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды елестетеді. Елбасымыздың қолдауымен 2019 жыл – жастар жылы болып жарияланғаны белгілі, жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес.

Еңбек етсең ерінбе жалқаулыққа жеңілме, 
Спорт тәннің жемісі түйіп алғын көңілге.
Салауатты өмір салтымен өзді өзіңді тәрбиеле,
Ең бастысы айтарым қанағат қыл күніңе.

Осы орайда 6 маусым күні ауданымыздың стадионында аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің білім беру қызметкерлерінің спартакиадасы өткізілді. Ауданымыздың білім ошақтарынан 5 аймаққа бөлінген 120 ұстаздар қатысып, өздерін спорт жағынан мықтылығын көрсете білді. 
Спартакмаданың ашылу салтанатына Оспанов Е.С - Нұра ауданының спорт бөлімінің басшысы, Ақижанов Т.А - педагогикалық еңбек ардагері, Мустафин А.Х. Нұра ауданының мұғалімдер кәсіподақ комитетінің төрағасы жиналған спортшыларға жылы лебізді тілектерін айтып жеткізді. Осы тұста айтатын бір жайт, педагог қызметкерлер арасында спорттық жарыстар өткізу жақсы дәстүрге айналды, олар уақыт жетіспеушілігіне қарамастан, дені сау ұрпақты жеке мысалда тәрбиелеу қажеттігін түсінеді. Спартакиада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның шырқаумен жалғасын тапты. 
Спартакиада қызықты әрі тартысты өтті. Жарыстық бас төрешісі - Имашев Жанболат Абильхаирович жарыстың жеңімпаздарын атап, кәсіподақтың кубок, медальдармен әрі мадақтама қағаздарымен марапаттады. Арнайы сопрт бөлімінің ауыспалы кубогымен Балалар және сопрт мектебі марапатталды. Естелікке фтосуретке түсіп, ас берілді. 
Елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарымыз. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ал “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетілді. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсызқ мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ. 

А.Х.Мустафин - Нура ауданының мұғалімдер кәсіподағының филиал төрағасы
Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки