Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Алакөл ауданында отбасылық жарыс өтті
13 сентября 2019
Ағымдағы жылдың 12 қыркүйегі күні «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Алакөл аудандық филиалы және «Әдемі-Ай» балабақшасының ұйымдастыруымен «Шынықсаң шымыр боласың» отбасылық жарысы өтті.
Оған аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Кенжебек Алпысбаев, «Әдемі-ай» балабақшасының меңгерушісі Сания Жаңабаева, балабақша қызметкерлері және 3 команда қатысты.
Шараның мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Шара барысында аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Кенжебек Алпысбаев сөз алып, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басымдықтарға тоқталып, оның ішінде білім саласын ерекше атап өтті.
Жарысқа қатысқан «Айару», «Жас қыран» және «Тұлпар» командалары «Танысыру», «Кедергілерден өту», «Алмаларды жиыстыру», «Қаппен секіру» сынды кезеңдерден өтіп, отбасы мүшелері өзара бақтарын сынады.
Байқаудың қорытындысын әділқазы алқасының мүшесі, балабақша меңгерушісі Сания Зейнешқызы хабарлап, кезеңдердің өтілу барысын және командалардың шеберлігін жеке-жеке баяндады.
Нәтижесінде І орынды «Жас Қыран», ІІ орынды «Тұлпар» және ІІІ орынды «»Айару» командалары иеленді. Жеңімпаздарға Алакөл аудандық кәсіподақ филиалының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки