Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Талдықорған жоғары медициналық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті
13 сентября 2019
Бүгін Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Садық Әбдіқадыров Талдықорған жоғары медициналық колледжінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы талқыланды.
Жиын барысында колледж директоры Серік Жансеңгіров білім ордасы жайында ақпарат берді. «Аталған мекеменің ірге тасы 1936 жылы қаланған. Білім ордасы денсаулық сақтау саласына үлес қосуда. Бүгінгі күні 1220 білімгер 127 ұстаздан білім алуда. Қазіргі уақытта фельдшер, мейірбике, дантист,  фармацевт, гигиена көмекшісі, медициналық лаборант, мейірбике ісі мамандықтары бойынша шәкірттерімізді даярлап келеміз» -деді өз сөзінде мекеме басшысы Серік Максимұлы.
Қоғамдық бірлестіктің басшысы Садық Нұрсапаұлы кездесуде сөз алып, Мемлекет басшысы Жолдауының «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты ІV-ші бөлімінде әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде білім саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымының атқарған жұмыстарын тілге тиек етіп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Сала қызметкерлерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында еңбек ұжымы Жолдаудың аясында өтетін шараларға белсене қатысатындықтарын және қолдайтындықтары жеткізді.

Алматы облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ ұйымының баспасөз қызмет





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки