Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Мақтаарал волейболдан турнир
13 сентября 2019
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымының негізгі іс-шарасына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында халыққа жолдаған Жолдауын қолдау аясында білім беру ұйымдарындағы мұғалім апайлар арасында «А.Фердауси атындағы №24 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде спорттың волейбол түрінен сайыс ұйымдастырылып өткізілді.
Сайыстың ашылу салтанатына арнайы келген Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев, Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атқару комитетінің мүшелері Б.Абилов, С.Утебаев, Д.Дүрменбаев және «А.Фердауси атындағы №24 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Сапар сайысқа қатысушы білім саласының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Сайыстың қорытындысына сәйкес 10 команданың ішінен жеңімпаз болған және үздік ойын көрсеткен ұстаздарға Мақтаарал ауданы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің атынан арнайы мадақтама қағаздарымен кубоктар табысталды.









Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки