Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Түркістан облыстық Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті
13 сентября 2019
2019 жылғы 12 қыркүек күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне атқару комитеті мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, кәсіподақ активі Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов қатысты. Мәжілісте Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауын талқылау өткізді.. Президент Жолдауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев баяндама жасады.
Баяндамада Президент жолдауының әр тарауы бойынша негізгі мәселелерге көңіл бөлінді, соның ішінде «IV. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» тарауы бойынша егжей-тегжейлі айтылды.
ҚР Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Жолдауы бойынша Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары С.Әуесханов, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Әбішев, Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Сәдірмек, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р. Сайлаулы және басқалар Президент Жолдауындағы өзекті мәселеерге тоқталып, Жолдауды насихаттау, түсіндіру және түсінік жұмыстарын жүргізу, орындау жөніндегі жұмыстар жайлы өз ойларын, ұсыныстарын ортаға салып, Жолдауды қолдайтындарын білдірді.
Талқылауды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек сөз сөйлеп, қорытындылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, түсіндіру және орындау жөніндегі білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің іс-шаралар жоспары жайлы облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Облыстық кәсіподақ комитетінің іс-шаралар жоспары мақұлданып, бекітілді. Облыстық кәсіподақ комитетінің іс-шаралар жоспары аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне жұмыс жүргізу үшін жіберілді.





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки