Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Кербұлақ ауданында «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» анықталды
17 октября 2019
Ағымдағы жылдың 17 қазан күні Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымына қарасты Кербұлақ аудандық филиалы «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауының іріктеу кезеңін өткізді.
Шара барысында аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Жақан Дуанаев байқау ережесімен таныстырып, бұғанға дейін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құжаттары қаралып, кәсіподақ бұрыштарының барын және кабинеттердің жабдықталғанын бақылағанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға аудандық білім беру мекемелерінен 25 кәсіподақ төрағасы өтініш білдіріп, аталған шара барысында ережеге сәйкес берілген уақыт ішінде мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек қауіпсіздігін қадағалап, түскен өтінішті заң аясында шешу және мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру сында атқарған жұмыстарын слайд түрінде көпшілік назарына ұсынып, баяндап берді.
Шарада аудандық кәсіподақ филиалының төрағасы Жақан Ноғайбайұлы, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Салтанат Имуханбетова, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Маржан Жұмабек, сала ардагері Жақан Малтабаров, жастар Кеңесінің төрағасы Олжас Наурызбаев қазылар алқасының құрамына еніп, қатысушылардың өнерін бағалады.
Жүзден жүйрік шығып, І орынды №49 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытгүл Лабилданова иеленіп, облыстық деңгейде өтілетін байқауға жолдама алды.
Ал, ІІ орынды Қарашоқы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Күләй Жантемірова, ІІІ орынды Сарыбұлақ және Күреңбел қазақ орта мектептеріндегі бастауыш кәсіподақ төрағалары Сәуле Изгутиева, Жанайдар Дюсенбеков еншіледі.
Жеңімпаздар Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының дипломы және бағалы сыйлығымен марапатталды.

Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының баспасөз қызметі





Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки