Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

«Кәсіподақ мерекесі – Еңбектің мерекесі!»
18 октября 2019
Ағымдығы жылдың 17 қазан күні Ақтау қаласындағы «Азияда»  мейрамханасында, Маңғыстау облысы  білім беру қызметкерлерінің, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен Кәсіподақ көшбасшыларының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтары күні мерекесіне арналған «Кәсіподақ мерекесі – Еңбектің мерекесі» тақырыбында салтанатты марапаттау шарасын «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері Маңғыстау   облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігі» ұйымдастырып өткізді.
Фойеде көңілді әуендер ойналып тұрды. Ресми қонақтар мен шақырылған ұстаздар, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, филиалдар мен облысытық білім беру мекемелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымының   төрағалары, құрметпен шақырылған қонақтар орындарына орналасқаннан кейін  жүргізушілер ортаға шығып, салтанатты кешті бастап та кетті.
Алғашқы  Құттықтау сөзді   «Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері Маңғыстау   облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбекқызына берілді.
Тарбия Анайбековна, таяу күндері өткен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ХІV Съезі туралы толық мәліметтерді съезд күндерінен дайындалған слайдтарды көрсете отырып баяндап берді.
Қиын да қызғылықты ұстаздық қызметтің жетістіктерін, үздік үлгілерін насихаттап Қазақстанымыздың парасатты, білімді, іскер де ұлт жанды жас азаматтарын тәрбиелеудегі ортақ міндеттерді жүзеге асыруда «Кәсіподақ - әрқашан сіздермен бірге!» - дей келе одан әрі, Төрайым, Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген ізбасарларына ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагер ұстаздарымыздың  орны ерекше екенін атап өтті.
Білім саласында оның біраз жылын Маңғыстау облыстық білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы қызметінде болған ардагеріміз - Пяташ Галина Валентиновнаны, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымының құқықтық қызметі бойынша бас маман Храмова Наталья Станиславовнаны мараппатады.
Бір топ кәсіподақ ұйымы жұмыстарына белсене қатысып жүрген көшбасшы төрағаларға - «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Кәсіподақ қозғалысының жұмысын жандандырып, мүшелігін арттыруға ынталандыру мақсатында 3-жылдан жоғары кәсіподақ ұйымында қызмет жасап келе жатырған көшбасшыларға, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасы» табысталды.
Кеш соңы мерекелік шағын концерттік бағдарламамен ұласты.
Облыстық білім беру мекемелерінен әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының  төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары,  ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ   мүшелерінің   әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы белсенді қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты! 

«Қазақстандық  салалық  білім және
ғылым  қызметкерлері   кәсіптік    одағының
Маңғыстау облыстық  ұйымы»  ҚБ











Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки