Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

СЕМИНАР ӨТТІ
13 ноября 2019

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аппарат қызметкерлері облыстан шалғай жатқан Қызылқоға ауданында іс-сапармен болды. Аудан орталығындағы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте білім беру мекемелері бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілерімен және техникалық инспекторлармен ұйымдастырылған семинарда олардың құқықтық, оның ішінде ҚР Еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту жөнінде түсіндіру мәселелері сөз болды.

Мәжілісті кіріспе сөзбен ашқан облыстық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қ.Сүндетұлы семинар оқудың мақсаты мен мәніне тоқтала отырып, Мемлекет басшысының 2 қыркүйектегі барша қазақстандықтарға арнаған Жолдауынан  және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының XIV съезі шешімдерін жүзеге асырудағы міндеттерге тоқталды. Семинарда облыстық ұйымының заңгері Ю.А. Айбосынова «Кәсіподақ туралы заңнама. Келісу комиссияларының қызметін ұйымдастыру туралы», бас маман З.Қ. Бекмұхамбетова «Кәсіподақ ұйымында іс жүргізудің әдістемелік ұсынымдары. Кәсіподақ мүшелерін есепке алу және кәсіподақ құжаттарын рәсімдеу тәртібі», есепші А.Ш. Тюяқпаева «Облыстық кәсіподақ ұйымдарында қаржы жұмысы жөніндегі әдістемелік ұсыныстар» және референт А.Ғұмарова «Білім беру және кәсіподақ ұйымдарында іс жүргізу тәртібі» туралы баяндамаларды слайдтармен түсіндірді.

Тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс-пікірлерге шаралар жасақталатыны хабарланды. Бас қосу соңында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.О. Бағдаров, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ аудандық филиалының төрайымы А.Ф. Кәрім сөз сөйлеп шараны ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді.

Семинар соңында білім беру саласында ұзақ жылдардан абыроймен еңбек етіп келе жатқан бір топ ұстаздарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының марапаттары тапсырылды.

Сандуғаш ҚАПСИХОВА, «Ұстаздық еңбек»








Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки