Республика Казахстан, 010000, г. Астана, проспект Абая, 38, офис 315
Тел/факс: +7 /7172/ 21-04-54 E-mail: proin.kz@mail.ru interdepkz@gmail.com

  Новости территориальных организаций

Бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
14 ноября 2019

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы, заңгер Гүлжанат Курмангазиева жаңадан құрылған Құрманғазы атындағы Орал саз колледжі  бастауыш  кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен  кездесті.

Кездесу барысында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары, еңбек заңдылықтары, ұжымдық шарттың жасалу шарттары, 2018 – 2020 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы облыстық келісім, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы, кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдіктер мен қайырымдылық көмек түрлері туралы мәлімет берілді.

Құрманғазы атындағы Орал саз колледжінің басшысы, Нұржан Сертеков  ұжымдағы жеке еңбек дауларының Келісу комиссиясы арқылы реттелуі мен еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін өндірістік кеңестің құрылуы туралы мәселелерге кеңінен тоқталып, кәсіподақпен бірлесіп ортақ түсінікпен  жұмыс  жасауды қолдайтынын жеткізді.  Ал, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ  ұйымының  төрайымы  Надежда  Нурпеисоваға  сәттілік  тіледі.  

Кәсіподақ белсенділері  бастауыш кәсіподақ ұйымының алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы өз ойларын  ортаға салды.

Бұл бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ  КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ



Архив новостей

2014

2015

2016

2017

2018

янв

фев

мар

апр

май

июн

июл

авг

сен

окт

ноя

дек

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс


 
  Полезные ссылки