+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Новости территориальных организаций 28 сентября 2026

АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Өткен сенбі-жексенбі күндері Алматы қаласында VI қалалық мұғалімдер спартакиадасы өтті. Спорт алаңына жиналған әрбір қатысушының жүрегінде — жігер, бойында — қуат, көңілінде — жеңіске деген сенім болды. Мұғалімдер арасындағы…

АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Өткен сенбі-жексенбі күндері Алматы қаласында VI қалалық мұғалімдер спартакиадасы өтті. Спорт алаңына жиналған әрбір қатысушының жүрегінде — жігер, бойында — қуат, көңілінде — жеңіске деген сенім болды.

Мұғалімдер арасындағы спартакиада келесідей мақсатпен өткізілді:

- спорттық ойындар арқылы ұжымды біріктіру және бос уақыттарын тиімді пайдалану;

- мұғалімдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттау және тәжірибе алмасу.

- Алматы қалалық жергілікті «Ұстаз» кәсіподағы мүшелерін жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен дамыту басымдықтарын жүзеге асыру.

- Педагогикалық қызметкерлердің спорттық шеберлігі мен физикалық дайындығын арттыру.

- Кәсіподақ ұйымдары арасында шынайы бәсекелестікті дамыту және кәсіподақ мүшелігімен қамтуға ынталандыру.

«Спартакиада — тек спорттық жарыс емес. Бұл — әріптестік пен достықты нығайтатын, салауатты өмір салтын насихаттайтын, рух пен жігерді шыңдайтын үлкен мереке. Бүгін кімнің жеңіске жеткенінен бұрын, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, спортқа деген сүйіспеншілігімізді танытуымыз маңызды. Өйткені спортта қарсылас бар, ал өмірде біз — біртұтас ұстаздар қауымымыз!» - деді жарыстың ашылу салтанатында сөйлеген «Ұстаз» кәсіподағының төрағасы С.Байғұттинов.

Екі күн ішінде 500-ден астам спортшы спорттың 9 түрі бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Екі күн бойы қызу тартысқа толы болған VI қалалық мұғалімдер спартакиадасы республикалық жарысқа баратын алматылық құраманы анықтап берді.

Атап айтқанда, ұстаздар волейболдан, футболдан, баскетболдан,асық атудан, бес асықтан, тоғызқұмалақтан, үстел теннисінен өзара сынға түсті.

Спорт алаңдарында тартысты ойындар, қызықты бәсекелер, жеңіске деген жігер мен ерекше эмоциялар тоғысты.

Бұл — жай ғана жарыс емес. Бұл — ұстаздардың спорттағы шеберлігін, ұйымшылдығын, достығы мен бірлігін көрсеткен үлкен спорт мерекесі! Әр қатысушы өз командасының намысын қорғап, жеңіске жету жолында бар күш-жігерін салды. Бірі жылдамдығымен дараланса, бірі дәлдігімен көзге түсті. Бірі командасын соңына дейін алға жетелесе, енді бірі жеке шеберлігімен көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Сол еңбектің, табандылықтың және жеңіске деген ұмтылыстың нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Бостандық, Медеу және Алатау аудандарының шоқтығы биік болып, жүлделі орындарға жайғасты.

 

Алматы қ. «Ұстаз» кәсіподағы

АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
АЛМАТЫДА МҰҒАЛІМДЕР СПАРТАКИАДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности