Атап айтқанда, Сазды орта мектебі, Ащылысай орта мектебі, Әлімбет орта мектебі, Бозтөбе негізгі мектебі, Қайрақты негізгі мектебі, Қосестек орта мектебі, В.Пацаев атындағы орта мектеп, Петропавл орта мектебі, Жосалы орта мектеп-балабақшасы, Бадамша мектеп-бөбекжайы, «Шабыт» аула клубы, Туризм және өлкетану орталығы, сондай-ақ «Балауса», «Бөбек» және «Бәйтерек» балабақшаларында кәсіподақ мүшелерімен кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары талқыланып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының құжаттамалары мен жұмыс бағыттарына назар аударылды. Сонымен қатар кәсіподақ қызметін тиімді ұйымдастыру, іс қағаздарын талапқа сай жүргізу, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық бақылау аясында білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайлары, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарының сақталуы және еңбек қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмады. Кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, толғандырған мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.
Г.Байменшинаның аудан мектептеріне жасаған жұмыс сапары кәсіподақ мүшелерімен байланысты нығайтуға, өзекті мәселелерді талқылауға және бастауыш ұйымдардың жұмысын жетілдіруге бағытталды. Бұл бағыттағы кездесулер, әдістемелік қолдау көрсету және қоғамдық бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық кәсіподағы
