Іс-шараның негізгі мақсаты – жас кәсіподақ белсенділерінанықтау, Кәсіподақтың кадрлық резервін қалыптастыру, жастардың біртұтас әрі ұйымшыл команда ретіндеқалыптасуына ықпал ету және кәсіподақ қозғалысындағыжастар саясатын одан әрі дамыту.

Сонымен қатар семинар-тренинг аясында жас педагогтерарасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, олардың кәсібижәне көшбасшылық әлеуетін арттыру, сондай-ақКәсіподақтың жастар қозғалысына белсенді үлес қосыпжүрген мүшелерін ынталандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар-тренингтің ашылу салтанатында Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағыныңтөрағасы Батыр Әлиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттіліктіледі. Ол өз сөзінде жас педагогтерді қолдау, олардыңбастамаларына жол ашу және жастардың кәсіподақжұмысына белсенді араласуын қамтамасыз етудіңмаңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында қатысушыларға білім беру саласындағыөзекті мәселелер мен кәсіби даму бағыттары бойыншабірқатар мазмұнды дәрістер ұсынылды.

Атап айтқанда:

* Айгүл Рамазанова, Астана қаласы әкімдігінің Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының директоры – «Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидалары» тақырыбында;

* Айгүл Бейсенбина, Астана қаласы әкімдігінің №107 жайлы мектебінің директоры – «Заманауи менеджмент: трендтер мен болашаққа көзқарас» тақырыбында;

* Ақгүл Рахметова, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары – «Кәсіби шыңдалу: идеядан нәтижеге» тақырыбында;

* Әсел Нұрбаева, Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі, жасандыинтеллект бойынша тренер, ICBT халықаралықсертификатталған бизнес-тренер – «Жас ұстаздың цифрлықсупер күші: ЖИ құралдары» тақырыбында;

* Батыр Әлиев, Астана қаласының білім беру қызметкерлеріКәсіподағының төрағасы – Қазақстан Республикасының«Педагог мәртебесі туралы» Заңын іске асыру және білімберу ұйымдарындағы еңбекақы төлеу жүйесі бойынша дәрісоқыды.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде қатысушылартақырыптық жобаларын таныстырып, өз идеялары мен бастамаларын ортаға салды. Жобаларды қорғау барысындажас педагогтер өзара тәжірибе алмасып, шығармашылықжәне көшбасшылық қабілеттерін көрсетті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайысертификаттар табысталды.

Осындай мазмұнды кездесулер жас педагогтердің кәсібиқұзыреттілігін арттыруға, жаңа идеялар мен бастамалардыжүзеге асыруға, өзара тәжірибе алмасуына және кәсіподаққозғалысындағы белсенділігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Жастар – кәсіподақ қозғалысының болашағы. Сондықтанжас педагогтердің әлеуетін дамыту, олардың бастамаларынақолдау көрсету және белсенді жастар көшбасшыларынқалыптастыру Кәсіподақ жұмысының басым бағыттарыныңбірі болып қала береді.