💐 Өнер орталығында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік шара өтті. Басқосуға білім және ғылым саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагер ұстаздар мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.

✏️ Салтанатты жиында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы білім мен тәрбие жолындағы педагог еңбегінің маңызын атап өтті.

📎 Шара барысында білім саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ұстаз Президент Жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалі бар.

📜 Педагогика саласында 40 жылдан астам еңбек еткен ұстаздарға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Сондай-ақ сала мамандары Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

📄Бұдан бөлек, «Ақтөбе облысының үздік педагогы» және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» номинацияларының иегерлері анықталып, марапаттар тапсырылды. Өңірдің білім сапасын арттыруға үлес қосқан бірқатар азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

💫 Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы