+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › БІЛІКТІ ҰСТАЗ
Новости территориальных организаций 01 октября 2026

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

БІЛІКТІ ҰСТАЗ Обаев Жігер Қартбайұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Физика” кафедрасының меңгерушісі, PhD, жоғары білім беру саласында 25 жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар білікті маман, ұлағатты ұстаз және белсенді зерттеуші. Жігер Обаев 1978 жылы…

БІЛІКТІ ҰСТАЗ

📔 Обаев Жігер Қартбайұлы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің “Физика” кафедрасының меңгерушісі, PhD, жоғары білім беру саласында 25 жылдық ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар білікті маман, ұлағатты ұстаз және белсенді зерттеуші.

✅ Жігер Обаев 1978 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқытушы қызметінен бастап, аға оқытушы, доцент сатыларынан өтті. Бүгінде “Физика” кафедрасының меңгерушісі ретінде білім беру мен ғылымды ұштастыра отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына және кафедраның ғылыми-академиялық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

📚 Ұстаз үшін білім беру тек дәріс оқып, білім берумен шектелмейтін, шәкірттің болашағына бағыт-бағдар беретін үлкен жауапкершілік. Жігер Обаевтың ұстаздық қызметі бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына дәріс, практикалық және зертханалық сабақтар жүргізумен тығыз байланысты. Ол білім алушылардың дипломдық және диссертациялық жұмыстарына жетекшілік етіп, олардың зерттеу тақырыптарын айқындаудан бастап, ғылыми ізденіс барысына дейін қолдау көрсетіп келеді.

📄 Ғылым саласында да Жігер Обаевтың еңбегі айрықша. Ол 2024–2026 және 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми жобалар аясында қосалқы орындаушы ретінде зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ғылыми ізденістерінің нәтижелері халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалған Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелетін, Q1–Q3 квартильдеріне кіретін ғылыми журналдарда жарық көрген.

📜 Ғалымның зерттеу нәтижелерінің тағы бір маңызды көрсеткіші – Қазақстан Республикасының 8 патентінің болуы. 2021–2025 жылдар аралығында оның 16 ғылыми жарияланымы мен патенті жарық көрген. Оның ішінде 11 еңбегі Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін шетелдік ғылыми басылымдарда, 5 еңбегі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда жарияланған. Ғалымның Хирш индексі – h=6. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің физика бағыты бойынша мүшесі ретінде жоғары білім беру саласының ғылыми-әдістемелік дамуына өз үлесін қосып келеді.

📖 Ұстаздық пен ғылымды қатар алып жүру – терең білімді, үздіксіз ізденісті және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы жолда жинақтаған мол тәжірибесі мен кәсіби білімі арқылы білім алушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, ғылымға қызығушылық танытқан жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беріп, олардың ғылыми ізденісіне қолдау көрсетуде.

🌟 Жоғары білім қызметкерлері күні – ұстаз еңбегіне құрмет білдіретін айрықша мереке. Осы айтулы күні Жігер Қартбайұлына зор денсаулық, ғылыми еңбегіне жаңа жетістіктер, ал шәкірттеріне биік белестер тілейміз.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Старая версия сайта Политика конфиденциальности