✏️Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы М.Ахметов ауданның білім беру ұйымдарын аралап, өзекті мәселелерге назар аударды.

🔰Сапар аясында Әйке жалпы орта білім беретін мектебінде, «Айгөлек» бөбекжай-бақшасында, Тереңсай мектеп-балабақша кешенінде, Сұлукөл жалпы орта білім беретін мектебінде және «Нұрсәт» бөбекжай-бақшасында болып, ұжым мүшелерімен пікір алмасты.

🖇️Кездесулерде кәсіподақ пен еңбек ұжымы арасындағы өзара байланысты нығайту, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Қызметкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

📙Жүздесулерден кейін білім беру ұйымдарында қоғамдық бақылау жүргізілді. Басты назар еңбек заңнамасының сақталуына, еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына, қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайының жасалуына аударылды.

📎Қызметкердің құқығы қорғалып, еңбегі лайықты бағаланған орта ғана сапалы жұмысқа негіз бола алады. Сондықтан кәсіподақтың басты ұстанымы – әрбір мүшенің мүддесін назарда ұстап, еңбек адамының жанынан табылу.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы