Жоба жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, “Адал азамат”, “Заң мен тәртіп”, “Таза Қазақстан” қағидаттарын дәріптеуге бағытталған.


Бүгін конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызы, Құрылтай депутаттары, демеушілер және Салалық кәсіподақ өкілі Индира Сакауова қатысты.


Салалық кәсіподақ бірнеше жылдан бері аталған конкурстың әлеуметтік серіктесі ретінде дарынды жастарға қолдау көрсетіп келеді. Биыл да конкурсты ұйымдастыруға демеушілік көмек көрсетілді. Сонымен қатар колледждерде педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жүрген 27 үздік студентке стипендия мөлшерінде ақшалай қолдау берілді. 


Бүгінгі марапат – жастардың білімі мен еңбегіне берілген лайықты баға, олардың болашағына артылған сенім.



Еліміздің ертеңі сапалы білім мен адал еңбекке тікелей байланысты. Колледж қабырғасында жүріп-ақ кәсіби шеберлігін шыңдап, жетістіктерге жеткен жастарымызға сәттілік тілейміз!