+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
Новости территориальных организаций 15 октября 2026

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе автожол колледжінің еңбек ұжымымен кездесіп, еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қызметкерлер…

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

🔰Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай Ақтөбе автожол колледжінің еңбек ұжымымен кездесіп, еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін талқылады.

✅Кездесу барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан құқықтық кеңес алды. Әсіресе, еңбек құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, жұмыс беруші мен жұмыскердің жауапкершілігі, еңбекақыны есептеу және төлеу тәртібі мәселелеріне басымдық берілді.

📄Басқосу аясында келісу комиссиясының мүшелеріне арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. «Еңбек даулары, олардың туындау себептері және келісу комиссиясында қарау тәртібі. Ұжымдық шарт. Еңбек қауіпсіздігі – басты мүдде» тақырыбындағы оқыту барысында еңбек дауларының алдын алу, келіспеушіліктерді заң аясында шешу және тараптардың өзара келісімге келу тетіктері кеңінен қарастырылды.

🖇️Кәсіподақ заңгерлері келісу комиссиясының қызметіне тоқталып, оның еңбек қатынастарындағы дауларды реттеудегі маңызын түсіндірді. Сонымен қатар комиссия отырыстарын ұйымдастыру, өтініштерді қарау тәртібі және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы жөнінде практикалық түсініктемелер берілді.

🧩Семинардың тағы бір маңызды бөлігі ұжымдық шарттың рөліне арналды. Қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаудағы бұл құжаттың маңызы айтылып, оның талаптарын орындау, еңбек жүктемесіне сәйкес еңбекақы есептеу, қосымша төлемдер мен жәрдемақыларды төлеу мәселелері талданды. Қатысушылар еңбек тәжірибесінде кездесетін нақты жағдайларды ортаға салып, оларды құқықтық тұрғыдан шешу жолдарын талқылады.

📝Іс-шараның қорытынды кезеңінде кәсіподақ өкілдері қоғамдық бақылау жүргізді. Оның аясында ішкі құжаттар зерделеніп, еңбек және ұжымдық шарттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне назар аударылды.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА
1 / 2
Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности