❗️Әлеуметтік әріптестік туралы Салалық келісімнің 5.8.- тарамағына сәйкес білім беру ұйымдарында ерекше білімді қажет ететін балалармен, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс үшін қосымша ақы алушылардың тізіміне:
✅ 1) білім беру ұйымдарының басшылары;
✅ 2) барлық лауазымдар мен мамандықтардың педагогтері;
✅ 3) педагог емес: тәрбиешілердің көмекшілері,
✅зертханашылар,
✅барлық мамандықтағы медициналық қызметкерлер,
✅кітапханашылар, аспазшылар және аталған санаттағы балалармен тікелей байланыстағы басқа да қызметкерлер енгізілді.
✅Қосымша төлемді алушылардың нақты тізімі ұйымның ұжымдық шартымен айқындалады.
