+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ
Новости территориальных организаций 19 октября 2026

КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ

КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ

КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ Шығармашылық академиясында көрнекті ұстаз, білікті басшы Мақсот Құсайыновтың 90 жылдығы мен лицей-интернаттың 70 жылдығына орай «Люди одной эпохи» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тағылымды шараға білім саласының өкілдері, ұстаздар, Мақсот Құсайыновтың…

КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ

✅ Шығармашылық академиясында көрнекті ұстаз, білікті басшы Мақсот Құсайыновтың 90 жылдығы мен лицей-интернаттың 70 жылдығына орай «Люди одной эпохи» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

🖇️Тағылымды шараға білім саласының өкілдері, ұстаздар, Мақсот Құсайыновтың шәкірттері, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.

📝Кітапта саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған Мақсот Құсайынұлының өмір жолы, кәсіби қызметі мен адами болмысы баяндалады. Туындыға оның шәкірттері мен әріптестерінің естеліктері, сондай-ақ жеке күнделігіндегі жазбалар негіз болған. Кітаптың құрастырушысы әрі авторы – ұстаздың қызы Қорлан Құсайынова.

📄Мақсот Құсайынұлы – қазақ білім беру саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлғалардың бірі. Ол Ақтөбедегі дарынды балаларға арналған лицей-интернатты 15 жыл бойы басқарды. Осы кезеңде білім ордасының 18 оқушысы мектепті алтын медальмен тәмамдады.

🔰Талапшылдығы мен жаңашылдығы арқылы танылған басшының тұлғасы кітап беттерінде шәкірттері мен әріптестерінің жүрекжарды естеліктері арқылы ашылады. Естеліктерде оның азаматтық ұстанымы, адамгершілік қасиеттері, ұстаздық ұстанымы мен білім саласына сіңірген еңбегі кеңінен көрініс тапқан.

📚Кітаптың тұсаукесерінде облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева сөз сөйлеп, облыс әкімінің ізгі тілегін жеткізді.

✏️Бұдан кейін Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов кәсіподақ ұйымының төрағасының құттықтауын жеткізіп, мерейтойлық шараның маңызына тоқталды. Сөз соңында мектеп-лицей ұжымына емдеу-сауықтыру шаралары мен тарихи-танымдық саяхатқа арналған облыстық кәсіподақ ұйымының 500 мың теңгелік сертификаты табысталды.

💫Кездесу барысында лицей-интернаттың шәкірттері де сөз алып, Мақсот Құсайынов туралы естеліктерімен бөлісті. Ұстаздың тәлімін көрген шәкірттердің жылы лебіздері оның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы мен адамдық өнегесінің айқын дәлеліне айналды.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ
КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ
КӘСІПОДАҚТАН ҚОЛДАУ
1 / 3
Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности