Ұжыммен ашық пікір алмасу, қызметкерлердің талап-тілегін тыңдау және оларды толғандырған мәселелердің шешілуіне қолдау көрсету – кәсіподақ жұмысының маңызды бағыттарының бірі.

Осы орайда Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова Қопасор ауылындағы Қызылту негізгі орта мектебінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары, білім беру саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қолдау мәселелері сөз болды. Ұжым мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көкейдегі мәселелерін ортаға салды. Кәсіподақ төрағасы әр сұраққа жауап беріп, тиісті түсіндірмелер жасады.
Кездесуден кейін мектепте қоғамдық бақылау жүргізіліп, еңбек жағдайы мен қызметкерлердің құқықтарының сақталуына назар аударылды.


Ақтөбе облыстық кәсіподағы