+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ – КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ
Новости территориальных организаций 21 октября 2026

ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ – КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ

ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ – КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ

ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ – КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ Мейрамгүл Әбенқызы Мутиханова – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз әрі ардақты әріптес. Ол өз ісіне адал, терең біліктілігімен, табандылығымен және жоғары жауапкершілігімен…

ӨНЕГЕЛІ ҰСТАЗ – КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ

Мейрамгүл Әбенқызы Мутиханова – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз әрі ардақты әріптес. Ол өз ісіне адал, терең біліктілігімен, табандылығымен және жоғары жауапкершілігімен танылған педагогика саласының майталманы.

Туған ауылы Жетіаралдағы мектепті аяқтаған соң, Мейрамгүл Әбенқызы алғашқы еңбек мектебінен Тұғыл ауылындағы балық зауытында өтті. Жас кезінен білімге құштар болған ол кейін педагогикалық училищеде «Тәрбиеші» мамандығын меңгеріп, Маңырақ ауылындағы балабақшада тәрбиеші болып қызмет істеді. Ұстаздық жолын одан әрі шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдап, жоғары білім алды. Келешек ұрпаққа сапалы білім беруді басты мақсат еткен ол кейіннен М. Әуезов атындағы университетте екінші жоғары білімін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша алып шықты.

Мейрамгүл Әбенқызының негізгі еңбек жолы Жаңаталап орта мектебімен тығыз байланысты. Осы білім ошағында ширек ғасырға жуық уақыт бойы бастауыш сынып мұғалімі болып үзіліссіз қызмет етіп, жүздеген шәкірттің сауатын ашып, саналы тәрбие берді.

Педагогикалық қызметімен қатар, ол мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымын 25 жылдай басқарды. Бұл жылдары ұжымның бірлігін бекемдеп, әріптестерінің құқығын қорғауда және әлеуметтік жағдайын жақсартуда орасан зор үлес қосып, ұжымдастарының шексіз құрметіне бөленді.

Өнегелі ұстаздың еңбегі жоғары бағаланып, қоржыны ондаған Алғыс хаттармен, Грамоталармен және 5 бірдей марапатпен толықты: «Кәсіподаққа – 100 жыл» төсбелгісі; «Тәуелсіз Қазақстанның кемел тұлғасы» төсбелгісі; «Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі үшін» медалі; «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі; ШҚО Білім басқармасының Алғыс хаты.

Биыл білікті ұстаз, қадірлі әріптесіміз Мейрамгүл Әбенқызы мерейлі зейнеткерлік жасқа толып отыр. Оның көпжылдық елеулі еңбегі өз өтеуін тапты. Өмір бойы шәкірт санасына білім нәрін сепкен ұлағатты ұстазды зейнетке шығуымен және алған мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Қарбалас еңбектің зейнетін көретін бұл шақ сізге тек саулық, отбасыңызға амандық пен береке әкелсін!

 

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымы

Все новости

Читайте также

  • БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Новости территориальных организаций

    БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    23.10.2026
  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости территориальных организаций

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК
    Новости территориальных организаций

    ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ – ҰЛАҒАТТЫ ЕҢБЕК

    23.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности