+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz
Логотип
Казахстанский отраслевой профессиональный союз
работников просвещения, науки и высшего образования
О нас
История профсоюза
Руководящие органы
Центральный комитет Исполнительный комитет Контрольно-ревизионная комиссия Руководство Аппарат ЦК
Регионы
Документы
Уставные документы
Решения и постановления
Съезд Центральный комитет Исполнительный комитет
Деятельность
Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Профсоюзное обучение Международное сотрудничество Молодёжная и гендерная политика
Медиа
Новости Календарь событий
Вопрос–ответ Конкурсы
О нас Центральный комитет Исполнительный комитет КРК Руководство Аппарат ЦК Регионы Уставные документы Решения и постановления Деятельность Соц. партнёрство Правовая защита Охрана труда Проф. обучение Международное Молодёжная политика Медиа Новости Календарь событий Вопрос–ответ Конкурсы
Главная › Новости › РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗ…
Новости 22 октября 2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Республика күні қарсаңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті…

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

📌 Республика күні қарсаңында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Жиында қызметкерлерді ынталандыру, әлеуметтік қолдау және еңбек құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.

📜Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.Серікова соңғы үш жылда университеттің 80-ге жуық қызметкеріне жалпы сомасы 4 миллион теңгеге жуық ақшалай сыйақы берілгенін атап өтті. Сондай-ақ кәсіби жетістіктері үшін қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болып, ақшалай сыйақылар мен шипажайларға жолдама алған.

🎓 Басқосу барысында университеттің 11 оқытушысына Ғылым және жоғары білім министрлігінің марапаттары табысталды. Сонымен қатар мерейлі жас иесіне Сарыағаш шипажайына жолдама берілді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында екі оқытушы қараша айында Түркияның Анталья қаласында өтетін инженерлік ғылымдар мен жаратылыстану бағытындағы халықаралық ғылыми конгреске қатысуға мүмкіндік алды.

⚖️ Еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды. Р.Серікова кәсіподақтың құқықтық көмегімен шешілген еңбек дауларына мысалдар келтірді. Атап айтқанда, өткен жылы еңбек шарты заңсыз мерзімінен бұрын тоқтатылған кәсіподақ мүшесіне 424 мың теңге өндіріліп берілген. Сондай-ақ оқытушы лауазымына орналасу конкурсының нәтижесінде еңбек шарттары бұзылған үш қызметкер кәсіподақтың құқықтық қолдауымен жұмыс орындарына қайта орналастырылған. Оларға мәжбүрлі жұмыссыздық кезеңі үшін жалпы сомасы 1 миллионнан астам қаражат төленген.

🧩Сөз соңында Р.Серікова білім мен ғылым саласының дамуына үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.

📄Кәсіподақтың әлеуметтік қолдау шаралары да таныстырылды. Қызметкерлерге денсаулығына, отбасылық жағдайына және төтенше жағдайларға байланысты материалдық көмек көрсету, шипажайларға жолдама беру және кәсіби жетістіктерін ынталандыру ұйым жұмысының негізгі бағыттары ретінде аталды.

👩‍⚖️ Кездесуде кәсіподақ заңгері Н.Жетпісбай келісу комиссиясының мүшелеріне еңбек дауларының туындау себептері, оларды қарау тәртібі және еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндірме берді. Ол дауларды шешу кезінде заң нормаларын сақтап, тараптардың құқықтары мен мүдделерін ескеру қажеттігін атап өтті.

📑 Өз кезегінде ұйым заңгері А.Алимпиев ұжымдық шарттың қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғаудағы маңызын түсіндірді. Оның айтуынша, ұжымдық шарт еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмыс беруші мен қызметкерлердің міндеттемелерін нақтылауға және әлеуметтік әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді.

💬 Кәсіподақ заңгерлері университет қызметкерлеріне еңбек шарттары, жалақы төлемдері, еңбек құқықтарының сақталуы және еңбек дауларын шешу тәртібі бойынша құқықтық кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

📎Шараға кәсіподақ активі және факультеттердің кәсіподақ өкілдері қатысты. Кездесу қатысушыларға еңбек қатынастарына қатысты мәселелерді талқылап, құқықтық түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы

РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 / 5
Все новости

Читайте также

  • ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА
    Новости

    ПРИЗНАНИЕ ЗАСЛУГ ЛЮДЕЙ ТРУДА

    23.10.2026
  • БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Новости

    БАЙҒАНИНДЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    21.10.2026
  • БІЛІМ МЕН БІРЛІК БӘСЕКЕСІ
    Новости

    БІЛІМ МЕН БІРЛІК БӘСЕКЕСІ

    20.10.2026
Профсоюз работников образования

Казахстанский отраслевой профессиональный союз работников просвещения, науки и высшего образования

О нас

История Руководство Руководящие органы Аппарат ЦК

Деятельность

Социальное партнёрство Правовая защита Охрана труда Обучение Молодежная и гендерная политика

Контакты

г. Астана, пр. Абая, 38

+7 (7172) 21 04 54 info@edu-tradeunion.kz proin.kz@mail.ru
© 2026 Профсоюз работников просвещения. Все права защищены. Политика конфиденциальности