💫Ақтөбе облысының аудандарында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шаралар өтті. Ұлағатты мамандық иелеріне құрмет көрсетілген мерекелік жиынға білім саласының өкілдері, ардагер ұстаздар, аудандық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен сала қызметкерлері қатысты.

🌟Салтанатты шара барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне елеулі үлес қосып жүрген үздік ұстаздар мен сала мамандары марапатталды.

✨Мереке аясында облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталары, аудандық білім бөлімдері мен аудандық кәсіподақ ұйымдарының бірлескен Алғыс хаттары, сондай-ақ аудан әкімінің марапаттары табысталды.

📜Ұстаздардың еңбегін бағалап, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында аудандық кәсіподақ ұйымдары тарапынан бірқатар ынталандыру марапаттары ұсынылды. Үздіктерге шипажайларға және тарихи-танымдық саяхаттарға жолдамалар, қаржылай сертификаттар табысталды.

📝Жиында ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызы ерекше аталып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі мұғалімдердің еңбегіне жоғары баға берілді.

Мерекелік шара соңы ұстаздарға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты.

✏️Ұстаздар күні – білім мен тәрбиенің шамшырағын жаққан жандарға алғыс білдіретін ерекше мереке. Ұлағатты ұстазға көрсетілген құрмет білімге, болашаққа және ұрпақ тәрбиесіне көрсетілген құрмет.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы