🔰Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде Жоғары білім қызметкерлері күніне және Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті.

🖇️ Салтанатты жиынға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, қызметкерлері, ардагерлер және Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері қатысты.

📝 Жиында университет ректорының міндетін атқарушы Жайық Сұлтан оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен ардагерлерді қос мерекемен құттықтады. Ол жоғары білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген жандардың еңбегі зор екенін атап өтіп, ұстаздық қызметтің қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.

🖇️ Мерекелік шарада университеттің үздік қызметкерлері мен оқытушылары марапатталды. Үздіктерге арнайы марапаттар табысталып, олардың еңбегі көпшілік алдында жоғары бағаланды.

🌟 Басқосудың соңы университеттің шығармашылық ұжымдары мен студенттері әзірлеген әсем концерттік бағдарламаға ұласты.

✨ Мерекелік кеш аға буынның өнегесін ұлықтап, ұстаз еңбегіне деген құрметті айшықтай түсті.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы