📜Томина Оксана Михайловна — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы №2 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі. Білім беру саласында 39 жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагог «Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына ие. Ол осы жылдар ішінде кәсіби білімін жетілдіріп, оқыту тәжірибесіне заманауи әдістерді енгізіп келеді.

📝Ұстаз сабақ барысында дамыта оқыту технологияларын, сыни тұрғыдан ойлау әдістерін және жобалық-зерттеу жұмыстарын қолданады. Оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне, логикалық ойлауына және шығармашылық қабілеттерін дамытуға басымдық береді.

📄Оксана Томинаның жетекшілігімен оқушылар пәндік олимпиадаларға, зияткерлік марафондар мен шығармашылық байқауларға қатысып, өз білімдерін шыңдайды. Оның басты мақсаты — балаларға берік білім негізін қалыптастырып, келесі оқу кезеңіне сенімді қадам басуына көмектесу.

🗞️Ұзақ жылғы еңбек жолында Томина Оксана Михайловна талай шәкірттің алғашқы ұстазы болып, олардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына бағыт берді. Бүгінде ол №2 Хромтау гимназиясында балаларға білім беріп, жинақтаған тәжірибесін жас ұрпақтың сауатты әрі жан-жақты қалыптасуына арнап келеді.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы