Атап айтқанда, Қандыағаш қаласындағы №1, №5 жалпы білім беретін орта мектептерінде, Ы.Мұхамеджанов атындағы және Сағашилі жалпы білім беретін орта мектептерінде, Темір стансасындағы №59 негізгі орта мектебінде, сондай-ақ «Жансая», «Нұр бала би», «Амалия А», «Дана» бөбекжай-бақшаларында болды.

Кездесулер барысында еңбек заңнамасының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің қамтамасыз етілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы және еңбек қауіпсіздігі мәселелері назарға алынды.
Сонымен қатар ұжым мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көкейкесті сұрақтарына құқықтық түсіндірмелер берілді.

Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты – әрбір мүшесінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдау көрсету және еңбек қатынастарында әділдік пен заңдылықтың сақталуына ықпал ету. Осы орайда, қоғамдық бақылау жұмыстары – еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің маңызды құралы. Ал, ұжыммен тұрақты байланыс орнатып, өзекті мәселелерді бірлесе шешу – кәсіподақ қызметінің негізгі бағыты.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы